No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

konf2025Бүгін облыс әкімі Н.Нәлібаевтің қатысуымен «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Қайрат Тастекеев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев, өнертанушы, Қазақстан Суретшілер, Кинематографистер одағының мүшесі Сәуле Қожықова, мемлекет және қоғам қайраткері Болатбек Қуандықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Анкара Хаджи Байрам Вели университетінің профессоры,

ashyk2025Архив қорында сақталған құжаттар – тарихтың қайнар бұлағы, сол себепті де тарихи сананы жаңғыртуда бұл құжаттардың алатын орны зор. Архив қызметінің негізгі бағыты – халықтың құжаттық негіздегі жадысы мен естелігін сақтау болып табылады. Мұндағы әр құжаттың астарында үлкен бір тарих бар. 2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде жалпы орта мектептің мұғалімдері мен оқушыларына «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өткізілді.

seminar20251Архив - ел тарихын түгендеп, қоғамның жадысын сақтайтын баға жетпес қазына. Құжаттарды дұрыс сақтау ғана емес, оларды тиімді пайдалану мен заманауи цифрлық жүйелерге енгізу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Осыған орай өңірлік деңгейде тәжірибе алмасу мен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта 16-17 қыркүйекте Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен «Архив құжаттарын беру тәртібі» және

til2025Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық мемлекет құрылысының басты тірегі. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Пак Елена Владимировна, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Сәрсенбек Гүлзира Сәрсенбекқызы,

kons12025Конституция – біздің тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қайнар көзі. Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Конституция – келешек кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысының Полиция департаменті Заң бөлімінің бас маманы Д.Дауылбаева, Қызылорда облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры А.Ақпаев,

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

007018
Today: 3
Yesterday: 10
This Week: 13
Last Week: 86
This Month: 171
Last Month: 104
Total: 7,018