- Read Time: 1 min
- Просмотров: 9
«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылорда қалалық архиві» филиалында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында мемелкеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме семинары өтті. Семинардың мақсаты - архивтік анықтамаларды беру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау. Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлері және мемлекеттік қызмет көрсететін архив мамандары қатысты. Іс-шара барысында архивтік анықтама, архивтік көшірме және архивтік үзінді беру тәртібі, өтініштерді қабылдау мен орындау мерзімдері, құжаттардың толық әрі дәйектігіне көз жеткізу, құжаттар топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қараудан бас тарту, артық құжаттарды қабылдамауға жол бермеу бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету барысында жиі кездесетін сұрақтарға түсіндірмелер берілді. Шара соңында қатысушыларға ашық есік күні ұйымдастырылып, архивтің сақтау қорымен, жалпы «Қызылорда қалалық архиві» филиалының мемлекеттік қызмет көрсету барысымен танысуға мүмкіндік берілді.
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын зерделеу, тарихи әділеттілікті дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылы 29 мамырда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Тарихтың ауыр тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары және архив қызметкерлері қатысты.
2026 жылы 29 сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы № 211 орта мектебінде ұйымдастырылған «Тілге бойлау: Тіл білімі мектебі» жобасы аясында өткен «Тілді дамытудағы ынтымақтастық: бірлесе әрекет-нәтижелі болашақ» атты облыстық шараға «Алаш арыстары – ел тірегі» тақырыбында архив қоры құжаттарынан жылжымалы көрме ұйымдастырды.





