No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

IMG 20230203 0012Әнуарбек Өміров 1963 жылы 9 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ш.Уалиханов атындағы №26 қазақ  орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1978 жылы осы мектептің 8 сыныбынан кейін аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші -элекрик  мамандығы  бойынша  білім  алады. Одан кейін темір жол су айдау бөлімінде машинист болып қызмет атқарды.

IMG 20230203 0007Мәмбетәлі Нұрымбетов Оразбекұлы  1960 жылы 6 маусымда Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №169 орта мектепті бітірісімен ДОСААФ –та оқып,  жүргізуші мамандығын алып шыққан. 1979 жылы әскер қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жіберіледі. Әскерде атқыштар құрамасында болады. 1980 жылы 29 тамызда  Базарак қаласында  Мәмбетәлінің ротасы қоршауға түсіп, Мәмбетәлі екі жерден ауыр жараланып қаза табады. Марқұмның соғыстағы көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.

IMG 20230203 0004Рашид Ниязов Мәжитұлы 1965 жылы 23 наурызда  Қызылорда облысы, Жалағаш  ауданында  дүниеге  келген. Туған жеріндегі №31 орта мектебін тәмәмдаган соң, аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші мамандығы  бойынша  білім  алады.  1983 жылы 13 қарашада Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Әскери борышын Одесса қаласында өтеп, Кабул қаласының Хвост селосына жіберіледі.

IMG 20230202 0009Қалекеев Жұмат Қасымұлы 1969 жылы 10 шілдеде  Шиелі ауданының Телікөл ауылсоветінде дүниеге келген. 1976-1986 жылдары №155 «Ақтоған» орта мектебін бітіреді. 1986 жылы Телікөл совхозында жұмыс істейді. Туған жеріндегі орта мектепті бітірісімен кәсіптік-техникалық училищеде жүргізуші мамандығы бойынша білім алып, 1987 жылы бітіріп шығады. 1987 жылы әскер қатарына шақыртылып, әскери борышын Ауғанстан республикасында өтейді. 1988 жылы 30 қазанда Ж.Қ. Қалекеев басқарған машина өздерінің әскери тапсырмасын орындау барысында дұшмандардың қолынан қаза табады. 1989 жылы 4 сәуірде марқұмның ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.

IMG 20230203 0038Аманжол  Жанпейісов Ильясұлы 1961 жылы 29 қыркүйегінде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы №48 қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде байланыс - теміржолшы мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1981 жылы 4 сәуірде әскер қатарына шақырылады. 1981 жылы маусымда Ауғанстанға жіберіледі. 1982 жылы 30 наурызда шайқас үстінде қаза болды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997