No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Архившілер күніне арналған салтанатты шара өтті

1502025 жылы 22 желтоқсанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Архившілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Архив – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғалардың тарихын айғақтайтын баға жетпес құндылық. Архившілердің күнделікті еңбегі арқылы ғасырлар қойнауынан жеткен құжаттар жүйеленіп, сақталып, ғылыми айналымға енгізілді. Бұл – ел тарихын зерделеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға және тарихи әділдіктің қалпына келтіруге негіз болатын маңызды жұмыс. Шара архивтің тыныс-тіршілігін бейнелейтін «Ұлт тарихының алтын қоймасы-архив» атты бейнероликті тамашалаудан басталды.

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ж.Сейілов архив саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, архив ісінің дамуына қосқан үлесі үшін «Арал аудандық архиві» филиалының басшысы Г.Қазанғапова, «Қызылорда қалалық архиві» филиалының жоғары санатты архившісі Г.Қосжанова, «Жалағаш аудандық архиві» филиалының қор сақтау қоймасының меңгерушісі Р.Усерова «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Ж.Алтынбаева, археограф А.Қапанова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен "Қармақшы аудандық архиві" филиалының архивисі Н. Аяғанов, "Сырдария аудандық архиві" филиалының архивисі Г.Мейрамбекова, архив мамандары және ведомостволық мекемелердің мамандары облыс әкімінің, басқарма, архив басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Нағманов, Г.Айтбанова Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының "Еңбек даңқы" төсбелгісімен, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қоғамдық саяси тарихы бойынша филиалының бөлім меңгерушісі Д.Қалтаева Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен , Арал аудандық архивінің қойма меңгерушісі Қ.Арынғазиев және облыстық кәсіподақтың Алғыс хатымен біршама архив қызметкерлері марапатталды. Шара соңында Қызылорда облыстық филармония өнерпаздарының орындауында ән орындалып, архившілердің жеке шығармашылығынан мерекелік арнау тарту етілді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

005611
Today: 12
Yesterday: 1
This Week: 25
Last Week: 58
This Month: 68
Last Month: 190
Total: 5,611