No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

konf2025Бүгін облыс әкімі Н.Нәлібаевтің қатысуымен «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Қайрат Тастекеев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев, өнертанушы, Қазақстан Суретшілер, Кинематографистер одағының мүшесі Сәуле Қожықова, мемлекет және қоғам қайраткері Болатбек Қуандықов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір, Анкара Хаджи Байрам Вели университетінің профессоры,

филология ғылымдарының докторы Хулия Касапоглу Ченгел, аталған университет докторанты Фулия Акман, жазушы, публицист, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер, Абай облысынан келген делегация және аймақтың зиялы қауым өкілдері, қала, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, саяси партия төрағалары мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары қатысты. Шараға Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві қоры құжаттарынан Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылып қонференция қатысушыларына таныстырылды. Көрмеге Қызылорда қаласының астана болған кезеңіндегі тарихи құнды құжаттар Республика орталығын Ақмешіт қаласына көшіру туралы Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасы Президиумының хаттамасы, Қазақ АКСР-ы астанасының Орынбордан Ақмешітке көшіп келуі, астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру жұмыстары, Орталық атқару комитетінің мүшесі А.Кенжиннің жасаған қаланың бас жоспары, сәулетші Рянгиннің қаланың жобасын жасау мәлімдемесі, Қызылорда қаласының құрылысын реттеу туралы хаттама, Ақмешітте өткен бүкілқырғыздар кеңесінің 5-ші съезі туралы және онда екі мәселе қаралғандығы «қырғыз» атауын «қазақ» деп өзгерту туралы және Қызылорда деп атау туралы қаулы, Ақмешітті 1925-1929 жылдары жұмыс жасаған Еңбекші қазақ редакциясының ұжымының суреті, (С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Ғабдуллин және т.б.) 1927-1929 жылдары Қызылордада халық ағарту институтында қызмет еткен С.Сейфуллиннің қолы, А.Байтұрсыновқа, Т.Жүргеновке, С.Мұқановқа сағат бөлінгендігі туралы хаттама, ең алғашқы республикалық баспахана орналасқан ғимарат, Қырғыз орталық атқару комитетінің ғимараты, Астананы Қызылордадан Алматыға көшіру туралы және т.б. құжаттар қойылды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

005324
Today: 1
Yesterday: 10
This Week: 11
Last Week: 45
This Month: 261
Last Month: 197
Total: 5,324