No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылорда қалалық архиві» филиалында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында мемелкеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме семинары өтті. Семинардың мақсаты - архивтік анықтамаларды беру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау. Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлері және мемлекеттік қызмет көрсететін архив мамандары қатысты. Іс-шара барысында архивтік анықтама, архивтік көшірме және архивтік үзінді беру тәртібі, өтініштерді қабылдау мен орындау мерзімдері, құжаттардың толық әрі дәйектігіне көз жеткізу, құжаттар топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қараудан бас тарту, артық құжаттарды қабылдамауға жол бермеу бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету барысында жиі кездесетін сұрақтарға түсіндірмелер берілді. Шара соңында қатысушыларға ашық есік күні ұйымдастырылып, архивтің сақтау қорымен, жалпы «Қызылорда қалалық архиві» филиалының мемлекеттік қызмет көрсету барысымен танысуға мүмкіндік берілді.

2026 жылдың 09 маусым күні  «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалында Халықаралық архивтер апталығына сәйкес 9 маусым - Халықаралық архивтер күніне орай «Архив қызметі – қолжетімді тарихи дерек» атты ашық есік күні  өткізілді. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылода университетінің 1 курс студенттері,  ауылдық округтердің архивке жауапты мамандары, жинақтау дереккөзінен өтетін ұйымдардың сала мамандары, Назарбаев Зияткерлерлік мектебінің оқушылары қатысып, оқу залындағы зерттеушілердің жұмыс жасау тәртібі, қоймадан құжаттардың берілу тәртібі, істердің қалыптасу мен рәсімделуі туралы және архив ісінің бағыттары бойынша ақпараттар алды. Шара соңында рахив қоры құжаттарынан дайындалған «Сот төрағалары: парасат пен әділдік иелері» тақырыбындағы көрмеге экскурсия таныстырылды.

29.05.202631 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын зерделеу, тарихи әділеттілікті дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мақсатында  2026 жылы 29 мамырда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Тарихтың ауыр тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімдері мен оқушылары және архив қызметкерлері қатысты.

  30.04.20262026 жылы 29 сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы № 211 орта мектебінде ұйымдастырылған «Тілге бойлау: Тіл білімі мектебі» жобасы аясында өткен «Тілді дамытудағы ынтымақтастық: бірлесе әрекет-нәтижелі болашақ» атты облыстық шараға «Алаш арыстары – ел тірегі»  тақырыбында архив қоры құжаттарынан жылжымалы көрме ұйымдастырды.

160420262026 жылы 16 сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Чернобыль электро станциясында болған апатқа 40 жыл толуына орай және Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі мен еңбегін ұлықтау, тарихи жадымызды жаңғырту мақсатында «Чернобыль: Ерлік пен Тағдыр» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттың зардаптарын жоюға атсалысқан жерлестеріміздің ерлігін ұлықтау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және апат құрбандарын еске алу.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

007016
Today: 1
Yesterday: 10
This Week: 11
Last Week: 86
This Month: 169
Last Month: 104
Total: 7,016