No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің тарихы

1928 жылы қараша айында Қызылорда аймақтық архив бюросы құрылып, негізі қаланды. Алғаш рет Орталық архивтен Сыр елінің тарихына қатысты 17 қордан 3813 құжат қабылданды. Осы уақыттан Қызылорда облыстық архив жүйесі құрылымының қалыптасу кезеңі басталды.

1938 жылы облыстың құрылуымен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің атауы өзгерді. Облыстық партия комитетінің 1939 жылдың 20 желтоқсанындағы шешімімен 1940 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық партия архиві құрылып, 1991 жылғы 28 қыркүйекте облыстық мемлекеттік архив қарауына беріліп, 1992 жылғы 22 шілдеден бастап Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің филиалы, ал 2014 жылғы 27 тамыздағы Қызылорда облысының әкімдігінің №690 қаулысымен «Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 15 шілдедегі №248 «Республикада архив ісін жетілдіру және әрі қарай дамыту шаралары» жөніндегі қаулысына сәйкес, 1986-1991 жылдар аралығында Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Тереңөзек, Сырдария аудандық және Қызылорда қалалық архивтері, ал 2014 жылы Байқоңыр қалалық архиві құрылды. Облыс әкімінің 2018 жылғы 06 желтоқсанындағы №1277 шешімімен архивтердің мемлекеттік құрылымында өзгерістер болды. 6 аудандық архив, 2 қалалық архив, Қызылорда облысының қоғамдық саяси тарихы архиві, «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалдары болып өзгертілді.

Қазіргі таңда архив қоры 1890 жылдан бастап Сыр елі тарихының түрлі даму кезеңіндегі оқиғаларға байланысты деректерге толы.

2018 жылы ақпан айында сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын жаңа типтегі 5 қабатты Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Ғимарат «ерекше кезеңде» құжаттарды эвакуациялайтын қоймалармен, қор сақтау қоймалары мобильдік стеллаждармен қамтамасыз етілген. Құжаттарды өңдеу үшін зертханалық, реставрациялық кабинеттер ашылған, нәтижесінде ескі құжаттарды нормативке сәйкес сақтауға, өңдеуге, тігіп-түптеуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ, ғимарат заман талабына жауап беретін архивтік құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003996
Today: 1
Yesterday: 2
This Week: 37
Last Week: 117
This Month: 3
Last Month: 296
Total: 3,996