No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

6 mamyr202512025 жылы 6 мамырда Ұлы  Отан соғысында жеңіс үшін жанын қиған батырлар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұлықтау, жастардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімді қалыптастыру, Қызылорда облысының соғыс жылдарындағы тарихы, эвакуацияланған халықтар мен мекемелерге көрсетілген көмек пен бауырмалдықты нығайту мақсатында Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» тақырыбында көрме өткізілді. Көрмеге сол бір зұлмат жылдардың алғашқы күндерінен сыр шертетін құжаттар, 1941 жылы соғыстың басталуы туралы хабарлама,

22 sauir2025 жылы  22  сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, сазгер, Қазақстан Республикасының Композиторлар Одағының мүшесі Талғат Нағашыбаевпен «Сазды әуені жүректерді тербеген» атты шығармашылық кездесу өтті. Шараның мақсаты өнер сүйер қауымды композитордың шығармашылығымен кеңірек таныстыру, оның өнер жолындығы жетістіктері мен ұлттық музыкаға қосқан үлесін дәріптеу, жастардың музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

seminar270320252025 жылғы 27 наурызда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Электрондық құжаттардың біріңғай архиві»  ақпарттық жүйесінің ведомстволық архивтердегі «Е-Архив» АЖ-не қосылған мемлекеттік органдардағы тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету» тақырыбында басқарма мамандарына семинар өткізілді. Семинарға 18 басқармадан 23 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Ж. Алтынбаева жүйенің маңыздылығы туралы тоқталып өтті. Семинар барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бас менеджері Н.Есимов ведомстволық архивте электрондық құжаттарды ЭҚБЖ-дан «Е-Архив» АЖ-ның «Ведомстволық архив» модуліне миграциялау жұмысының барасын түсіндіріп өтті.

nauryz20252025 жылы 22 наурыз күні Сыр халқы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Мерекелік шарада Орынбор облысының біріккен мемлекеттік және Өзбекстан Республикасының Ұлттық архивтерінен әкелінген, сонымен қатар, Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві қоры құжаттарынан Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай  «Үш дәуірдің астанасы - Қызылорда» тақырыбында тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырылды. Көрме қала қонақтарына таныстырылды.

nauryz117 наурыз «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ» Наурыз мейрамы – терең рухани-мәдени мәнге толы, жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке. Бүгін Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі және «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай «Наурыз мейрамы – салт-дәстүрлер салтанаты» атты мерекелік шара өткізілді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

005325
Today: 2
Yesterday: 10
This Week: 12
Last Week: 45
This Month: 262
Last Month: 197
Total: 5,325