Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, бізге аманат. Оны сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. 2025 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің мүшесі Жақсыбай Жакеев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы,
Қызылорда облысының қоғамдық Кеңесінің әдіскері Серік Нұртазаев, желтоқсан оқиғасының қатысушысы Қанетов Аманбай Дүйсенұлы және архив қызметкерлері қатысты. Шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Қайруллаев ел тәуелсіздігі мен бірлігі жолындағы атқарған еңбектері туралы баяндап, желтоқсан оқиғасына қатысушы А.Қанетов Желтоқсан - бұл тек тарих емес, бұл еркіндікке бастар жолдың алғашқы қадамы деп, жүрегінде мәңгі қалған күндер туралы ой бөлісті. Шара соңында қонақтар архив қоры құжаттарынан дайындалған тарихи-құжаттық көрмемен танысты.






