«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің оқу залында жұмыс жасау тәртібі.
Оқу залының жұмыс тәртібі «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің оқу залында зерттеушілердің жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Архив оқу залының жалпы жұмыс регламенті: күн сайын сағат 09-00 ден 18-00 дейін, сағат 13-00 ден 15-00 дейін – түскі үзіліс.
Архив оқу залының нақты пайдаланушысы үшін жұмыс регламенті: архив басшылығы белгілеген рұқсат режимі бойынша.
Сенбі, жексенбі күндері – демалыс.
Зерттеушілердің мемлекеттік архивінің оқу залындағы жұмыс тәртібі жоғарыда аталған Ережелермен реттеледі, бұл ережелер өз кезегінде ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар және құжаттаманы басқару комитеті Төрағасының 2000 жылғы 2 қазандағы № 58 бұйрығы негізінде дайындалған.
Оқу залында пайдаланушыларды рәсімдеу, оларды архивтік құжаттар мен қорларға қол жеткізу, архивтік құжаттарды көшірмелеу тәртібі, пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, оларды бұзғандары үшін жауапкершіліктері және оқу залы жұмысының тәртіптемесімен Ережесімен таныстырылады.
Оқу залындағы жұмыс әр пайдаланушы үшін дербес жұмыс болып табылады және әр пайдаланушы зерттеу бағытын өз бетімен жоспарлап жеке еңбектенуі тиіс. Ол үшін пайдаланушы архивте сақталған барлық ғылыми-анықтамалық аппарат пен архивтік құжаттарды жан жақты зерделеп, іздестіру кезінде тапқан қажетті мәліметтерді жазып алуды, конспектілеуді және көшіріп алуды өз қолымен жүзеге асыруы тиіс.
Оқу залындағы зерттеушілерге архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің археографы қызмет көрсетеді.
Оқу залы қызметкерінің міндеттері төмендегілер кіреді:
Оқу залындағы жұмыс тәртібінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
- Барлық ғылыми-анықтамалық аппаратты ұсыну;
- Зерттеу тақырыбы шегінде архивтік анықтамалықтарда бар құжаттардың құрамы мен мазмұны бойынша түсініктер беру;
- Зерттеу тақырыбы бойынша құжаттарды беру мен көшірмелеуге салынған шектеулері туралы және ол шектеулер қандай уақытқа дейін созылатыны туралы пайдаланушыларды ақпараттандыру;
- Пайдаланушыға берілетін және одан кері қайтарылып алынатын істердің физикалық жағдайы мен сақтылығына бақылау жүргізу;
- Ережелерге сәйкес пайдаланушының тапсырысы бойынша көшірмелеу жұмыстарын атқару;
- Ережелерге сәйкес есеп нысандары мен журналдарды жүргізу;
Оқу залы қызметкерлерінің міндеттеріне пайдаланушы үшін іздеудің бағытын жоспарлау, іздеудің сұлбасын құрастыру, пайдаланушыға қажет мәліметтерді іздеп тауып беру, оларды жазып алу, табылған мәліметтің мағынасын ашу, нашар оқылатындарды оқып беру және аудармалау міндеттері кірмейді.
Оқу залына талап бойынша рәсімделген тек жеке басын растайтын куәліктері бойынша кәмелетке толған азаматтар ғана кіргізіледі.
Әр пайдаланушыға жеке іс ашылады, оған пайдаланушы және оның ғылымы жұмысы туралы барлық мәліметтер енгізіледі – сауалнама, пайдаланушының тапсырыстары, жасалған көшірмелердің екінші даналары. Әр зерттеу тақырыбы бойынша тақырыптық кәртішке ашылады.
Пайдаланушыларға берілетін ғылыми-анықтамалық аппарат пен архивтің сақтау бірліктері арнайы журналдарда тіркеледі және пайдаланушыларға қол қою арқылы беріледі. Оларды кері қайтарып алу кезінде оқу залы қызметкері құжаттардың тұтастылығы мен жағдайын тексеріп алады. Егер пайдаланушы оқу залында жұмыс барысында құжаттардың зақымдалғанын анықтаған жағдайда ол туралы оқу залы қызметкеріне хабарлауы тиіс, бұл туралы арнайы акт толтырылады.
Көшірмелер тек пайдаланушылардың тапсырыстары негізінде ғана оқу залы қызметкерінің күшімен дайындалады. Пайдаланушылардың сұрауы негізінде құжаттардың куәландырылған қағаз көшірмелерімен бірге олардың электрондық көшірмелері де берілуі мүмкін, ол үшін пайдаланушылар өз электрондық флеш-тасығыштарын беру қажет.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»КММ-нің оқу залында пайдаланушылардың жұмыс тәртібі Ережелерін барлық оқу залы пайдаланушылары орындауға міндетті.
Архивтің оқу залында осы Ережелерді бұзған пайдаланушы оқу залында жұмыспен айналысу құқығынан уақытша айырылады және оларға архивтік құжаттардың көшірмелері берілмейді. Тиісті шешімді архив басшылығы қабылдап, міндетті түрде пайдаланушыны архивке жолдаған ұйым немесе оның қызмет (оқу) орнына хабарлайды.
Ұлттық мұрағат қорына келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.