22 желтоқсан Архившілер күніне орай "Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві" КММ-нің "Шиелі аудандық архиві" филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Руханият орталығында "Архив құжаттарындағы батырлар ізі" ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, сала ардагерлері Қ.Сүгірбаев, Н.Төлешова, архив қорындағы "Отан үшін от кешкендер" коллекциясындағы жеке тектік қор иелері Ы.Ермағанбетов, Қ.Тәтенов, Ә.Сәрсенбаев аталарымыздың ұрпақтары, "Аманат" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова қатысты.
Шараға қатысушылар №45 "Ақ Орда" мектеп-гимназиясының 10 "А" сынып оқушысы Д.Мейрамбеков, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі С.Ахметова, №46 мектер-лицейінің 10 "Ә" сынып оқушысы Е.Шлембаев, жетекшісі география пәнінің мұғалімі Ә.Рыспанбетова, №47 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қ. Әйгерім, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Н.Жүсіп архив қорындағы соғыс ардагерлерінің жеке тектік құжаттарынан ғылыми жоба қорғады. Конференцияның мақсаты-архив қорындағы құжаттар арқылы ержүрек майдангерлеріміздің батырлығын, жанқиярлық істері мен ерліктерін насихаттау , дәріптеу, жастарды, болашақ ұрпақты Отан сүюге, елінің, жерінің адал патриоты болуға тәрбиелеу.






