No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

50220262026 жылғы 5 ақпанда Арал қаласындағы Руханият орталығында «Арал аудандық архиві» филиалы Ауған соғысы ардагері Жұмашев Рысқұлдың жеке тектік құжаттарын архив қорына қабылдады. Іс-шара барысында ардагердің өмір жолын, Ауған соғысына қатысқан кезеңін, әскери қызметін және ел алдындағы еңбегін айғақтайтын құжаттар табысталды. Бұл жеке тектік құжаттар – ел тарихындағы маңызды кезеңді сипаттайтын, отансүйгіштік пен ерлікке толы өмір жолын кейінгі ұрпаққа танытатын құнды дереккөздер болып табылады. Аталған шараға кітапхана, Жастар орталығы және музей қызметкерлері қатысып, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

205 #АРХИВ САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ЗАҢ ТУРАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚУ# 27 қаңтар 2026 жылы"Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві" КММ-нің "Қоғамдық-саяси тарихы архиві" филиал басшысы Ақпанов Қанат Амангелдіұлы филиал қызметкерлеріне Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдағы өзгертулер мен толықтыруларға құқықтық оқу өткізді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000326_

2012026 жылы 20 қаңдарда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтама заңдылық және жауакершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, бірыңғай байланыс орталығының  бас мамандары, мемлекеттік қызмет алушы жеке тұлға,  Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің заңгері, «Е-Өтініш» жүйесіне жауапты және архив филиалдарының мемлекеттік қызмет беру бойынша мамандары қатысты. Мақсаты: мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, Халыққа қызмет көрсету орталығымен үйлесімді жұмысты нығайту және сұраныстардың қанағаттанарлық деңгейін арттыру.

1752025 жылдың 23 желтоқсанында «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві»  КММ-нің «Жалағаш аудандық архиві» филиалының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан Архившілер күніне орай «Архив - ел тарихының куәсі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары Ғ. Сүлейменов, архив саласының ардагері Т.Аштанбаева,  кент ардагерлер төрағасы Қ.Құлмахан, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының консультанты А.Кенжебаев және ауылдық округтер мен бөлімдердің бірқатар жауапты қызметкерлері және  архивистер қатысты. 

17022 желтоқсан Архившілер күніне орай "Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві" КММ-нің "Шиелі аудандық архиві" филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Руханият орталығында "Архив құжаттарындағы батырлар ізі" ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, сала ардагерлері Қ.Сүгірбаев, Н.Төлешова, архив қорындағы "Отан үшін от кешкендер" коллекциясындағы жеке тектік қор иелері Ы.Ермағанбетов, Қ.Тәтенов, Ә.Сәрсенбаев аталарымыздың ұрпақтары, "Аманат" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова қатысты.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

007018
Today: 3
Yesterday: 10
This Week: 13
Last Week: 86
This Month: 171
Last Month: 104
Total: 7,018