- Read Time: 1 min
- Просмотров: 261
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп бекітілді. Бұл мереке 1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы қыркүйектің 22-і – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жарияланды. 2017 жылғы «Қазақстан Республикасының мереке күндер тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйек болып белгіленді.
2023 жылғы 29 тамызда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Елдіктің асыл тірегі – Ата заң» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Ата заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлерді ортаға салу, Ата Заңына құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру. Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы бойынша полиция департаментінің, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің,
2023 жылы 16 тамыз күні «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық архиві» филиалының ұйымдастырумен Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі «Әкімшілік функциялары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға 8 ауылдық округтен 9 жауапты маман қатысты. (Ақтөбе, Ақжар, Алдашбай ахун, Иіркөл, Жосалы, Қармақшы, Қуаңдария, III Интернационал ауылдық округ мамандары). Семинардың мақсаты: «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде істер номенклатурасы бөлімі, әкімшілік функциялары бойынша және функцияда болған өзгерістер итуралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2023 жылы 17 тамызда «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сырдария аудандық архиві» филиалында «Сыбайластық індетін жою» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді насихаттау. Дөңгелек үстелге аудандық маслихат аппаратының, аудандық білім бөлімінің, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, ХҚКО бойынша аудандық бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
2023 жылдың 14 тамыз айында Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, «Арал ауданының Құрметті азаматы» ұстаз Алматбай Жалмахановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ –нің «Арал аудандық архиві» филиалында «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты көрме ұйымдастырылды. Шараға «Арал ауданының Құрметті азаматы», тарихшы – ұстаз, өлкетанушы Ү.Қуатов, «Арал ауданының Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Ж.Жақып, «Арал ауданының Құрметті азаматы», ақын Т.Абылаев, «Арал ауданының Құрметті азаматы», дәрігер А.Асанбаев, Жыршы – термеші Д.Жолымбетов, 





