No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Облыстық архивте «Ашық есік» күні өтті.

ashyk esik kuni ottiҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен өткізілген республикалық кеңесі хаттамасына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында архив саласының ардагерлеріне, жоғары және орта оқу орнының студенттеріне, мектеп оқушыларына ашық есік күні өткізілді.
Шараның мақсаты тарихи құжаттардың сақталуын, архивтің қызметі мен міндеттерін көпшілікке таныстыру, архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарту, ата-бабалар тарихын, архив құжаттарын насихаттау, архивист мамандығының маңыздылығын арттыру, өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.

Шараны Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева ашып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ел руханиятын көтерген тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен өлке тарихын зерттеуде архив құжаттарының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Архив саласының ардагері Ұ.Жаналиева жастарға ұзақ жылдарғы еңбек жолымен бөлісіп, осы саланың қызығы мен қиындығы туралы айтып өтті.
Сонымен қатар өскелең ұрпақты тарихты, салт-дәстүрді зерделеуге баулу, туған жеріне деген патриоттық сезімін ояту мақсатында қазақтың «Асық ату» және «Бес асық» ұлттық ойындары, «Қызылорда - жарқын болашақ бастауы» атты макеттер сайысы өткізілді. Қазылар алқасында Қызылорда облыстық архиві, қалалық құрылыс бөлімі, Қызылорда облыстық музейінің мамандары,¬¬«Асық ату» федерациясының мүшелері, К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдері төрелік етті.
Жас таланттардың шығармашылық идеясын жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп «Қызылорда-жарқын болашақ» атты макеттер сайысының қорытындысымен ІІІ жүлделі орынды С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицейінің оқушысы Қ.Палжанов және Ә.Құдабаев атындағы №197 мектеп оқушысы А.Кенішбаева бөлісті, ІІ жүлделі орынды С.Лапин атындағы №261 орта мектептің оқушысы У.Бақытжан, І жүлделі орынды Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушысы Ә.Маратұлы иеленді. Келесі кезең «Асық ату» сайысы бойынша ІІІ жүлделі орынды Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектеп, ІІ жүлделі орынды Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп, І жүлделі орынды К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гимназия оқушыларынан құралған командалар иеленді. «Бес асық» сайысы бойынша ІІІ жүлделі орынды Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектеп, ІІ жүлделі орынды Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп, І жүлделі орынды К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гимназиясы оқушыларынан құралған командалар иеленді.
Шара барысында жастардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуын қалыптастыру мақсатында «Өлкеңді таны», «Тарихи дата» атты тарихи-танымдық викториналық байқау ұйымдастырылып, І орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің «Зерде» тобы, ІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Алаш» тобы иеленді.
Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің оқушыларының «Қазақстан тәуелсіздік жолында» тақырыбында театрландырылған қойылымдары қойылып, өнер көрсетті.
Жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар табысталып, сый-сияпат тарту етілді.
Шара соңында қатысушыларға «Ұлт тарихының алтын қоймасы - архив» атты бейнеролик көрсетіліп, архив қоры құжаттарынан дайындалған «Архив – тарихи құндылықтар қазынасы», «Қызылорда облысына-85 жыл» атты көрмелерге және қор сақтау қоймаларына экскурсия жасалынды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003996
Today: 1
Yesterday: 2
This Week: 37
Last Week: 117
This Month: 3
Last Month: 296
Total: 3,996