2023 жылы 28 қарашада Қызылорда облысының мемлекеттік архиві мекемелерінің қызметкерлеріне өрт сөндіру ережелері және өрттің алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы 30 шілдеде «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Байқоңыр қалалық филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚ ЖҚ» ММ Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімі мекемесінде өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша құқықтық оқу өткізілді. Мақсаты өрт болу жағдайларының алдын алу, өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру. Шара барысында Байқоңыр қаласының № 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Н.Амандықов өрт қауіпсіздігі, оның алдын алу шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында архив қызметкерлері № 8 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. 2022 жылдың 19 мамыр күні «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ –нің Арал аудандық филиалының қызметкерлеріне № 3 Арал аудандық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Ибраймов Серік Бердалыұлы «Электр қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін алдын алайық» тақырыбында сабақ өткізді. Шараның мақсаты: мамандарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау шаралары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Өрт сөндіруші маман барлық мәдениет мекемелерінде өртке қарсы обьектілерді қорғау деңгейін арттыру және өрт сөндіру - құтқару ісін танымал ету бойынша профилактикалық жұмыстар туралы мекемеде және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді. Шараның соңында архив қызметкерлері өрт сөндіру маманына сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. 2018 жылдың 29 маусымында Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі "Сәтті бала" балабақшасының бүлдіршіндерін Қармақшы аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің "өрт автокөліктерін, өрт техникалық құрал жабдықтарын және авариялық құтқару құрылғыларын" таныстырып өтті. Сонымен қатар "Сәтті бала" балабақшасының бүлдіршіндеріне "Өрт қауіпсіздігі және Суға шомылу қауіпсіздігі" тақырыптарында түсіндірме үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.