- Read Time: 1 min
- Просмотров: 117
2022 жылғы 27 желтоқсанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» бағдарламасы аясында «Рухани құндылықтар – тарих тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты жастарды архив қорындағы тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалауға, ел тарихына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу, рухани құндылықтарды жаңғырту,болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов Архивтің кез келген мемлекеттің тарихын сақтау, қаттау бағытында жұмыс жасайтын маңызды сала екендігіне тоқталып, архив саласында табысты еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып келе жатқан архивистерді 22 желтоқсан - Архившілер күнімен құттықтады.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
2022 жылдың 21-22 қараша күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша оқытуға Қызылорда облысының мемлекеттік архиві және филиалдарының қызметкерлері қатысты. Оқыту барысында «Е-архив» ақпараттық жүйесіндегі барлық функциялары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видеонұсқаулық көрсетілді.
2022 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның облыстық жұмысшы тобының мүшелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Жұмаділдаев Мәулен Мұратбекұлының қатысуымен кездесу өткізілді.





