- Read Time: 1 min
- Просмотров: 136
2025 жылғы 17 ақпанда «Қызылорда қалалық архиві» филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру», «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты бөлім мамандарына семинар өткізілді. Мекемелердегі Ұлттық Архив қоры құжаттарын дұрыс қалыптастыру, оның сақталуын қамтамасыз етудің тарихта алар маңызын түсіндіру мақсатында жүргізілген семинарға 4 мекемеден 8 қызметкер қатысты. Семинарда «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева архив ісінің маңыздылығы туралы айтты. Қойма меңгерушісі А.Абдыкалыкова ведомстволық архив мамандарын қоймамен таныстырып, құжаттардың сақталу барысымен таныстырды.
2025 жылдың 13 ақпаны күні Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы А.Бекмағанбетова Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясын мекемесінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығын және «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қағидаларын басшылыққа ала отырып 2025 жылдың жоспарлы жұмысына сәйкес, мекеменің 2011-2014 жылдар аралығындағы құжаттарын мемлекеттік архивке тұрақты түрде қабылдау туралы әдістемелік практикалық кеңес беруде.
Сыр бойы –еңбек адамының үлгісі іспеттес. Қарапайым еңбектен бақытын тапқан Социалистік Еңбек Ерлері Шырынкүл Қазанбаева, Қасым Бөдеев және Құдайберген Смановтардың өмірі көпке үлгі. Осыған орай 2025 жылы 13 ақпанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері А.Әлиасқарова Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің 7 сыныптарына Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева - 105 жасқа толуына орай «Есімі халық жадында», Еңбегімен еленген Еңбек Ерлері Қасым Бөдеевтің туғанына 125 жыл және Құдайберген Смановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ел ақтаған-Еңбек Ері» тақырыбында сабақ өткізді.
2025 жылғы 12 ақпанда «Қызылорда қалалық архиві» филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру», «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты бөлім мамандарына семинар өткізілді. Семинарды «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева архив ісінің, семинардың маңыздылығына тоқталды.
«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Шиелі аудандық архиві» филиалы 2025 жылдың 12 ақпанында Ұлттық архив қорының жинақтау дереккөзінің тізімінен өтетін аудан әкімдігіне қарасты Бестам, Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты мамандарының қатысуымен «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді ресімдеу ұйым архивіне беру тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. 





