- Read Time: 1 min
- Просмотров: 141
2023 жылғы 27 ақпанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бастамасымен ел тарихындағы ерекше орын алатын тарихи-саяси кезеңдердің оқиғаларын, тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды ұлықтау, құнды жәдігерлер қазынасы болып табылатын Ұлттық архив қорындағы құжаттарды пайдалану, жариялау, зерделеу, отандық ғалымдармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Төл тарихымыздың зерттелуі мен зерделенуінің ғылыми аспектілері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бекболат Сүлейменов Жұмабайұлы 1960 жылы 25 маусымда Арал ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №177 мектепті бітіргеннен кейін, Арал заводында слесарь болып қызмет атқарады. 1979 жылы сәуірде әскер қатарына шақырылып, әскери борышын пулеметші болып Ауғанстан даласында өтейді. 1981 жылы ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.
Әнуарбек Өміров 1963 жылы 9 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ш.Уалиханов атындағы №26 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1978 жылы осы мектептің 8 сыныбынан кейін аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші -элекрик мамандығы бойынша білім алады. Одан кейін темір жол су айдау бөлімінде машинист болып қызмет атқарды.
Мәмбетәлі Нұрымбетов Оразбекұлы 1960 жылы 6 маусымда Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №169 орта мектепті бітірісімен ДОСААФ –та оқып, жүргізуші мамандығын алып шыққан. 1979 жылы әскер қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жіберіледі. Әскерде атқыштар құрамасында болады. 1980 жылы 29 тамызда Базарак қаласында Мәмбетәлінің ротасы қоршауға түсіп, Мәмбетәлі екі жерден ауыр жараланып қаза табады. Марқұмның соғыстағы көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Рашид Ниязов Мәжитұлы 1965 жылы 23 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №31 орта мектебін тәмәмдаган соң, аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші мамандығы бойынша білім алады. 1983 жылы 13 қарашада Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Әскери борышын Одесса қаласында өтеп, Кабул қаласының Хвост селосына жіберіледі.





