No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Архив-халықтың асыл қазынасы»

 aral65 1       2023 жылы 22 қараша күні «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық архиві филиалына 60 жыл толуына орай «Архив-халықтың асыл қазынасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Мәдениет қайраткерлері, ақын, сазгер Мұрат Сыдықов, Базар Қостаева, Мәдениет ардагерлері Жақсыбай Төребеков, Ранай Сатаева, ақын жазушылар Толыбай Абылаев, Ерғали Абдулла, өлкетанушы Үргенішбай Қуатов, архив ардагерлері Бекзия Жұбандықова, архив саласының үздігі, өлкетанушы Болатбек Қуатов, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, ауданымыздың Құрметті азаматы Нұралы Оспанов, қылқалам шебері Абай Әбішев , Арал аудандық оқушылар үйінің сахна тілі үйірмесінің жыр құмар жас өрендері , архив қызметкерлері қатысты.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Бержанов Кете –Төлеби Досымжанұлы ашып, аудан әкімі С.Сермағамбетовтың Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының,  Қызылорда облысының мемлекеттік архиві басшысының  атынан Арал аудандық архивінің құрылғанына 60 жыл және жеке тектік қор иесі, қылқалам шебері Абай Әбішевтің 60 жасымен құттықтауын жеткізді. Сондай ақ, Арал ауданының Құрметті азаматы, өлкетанушы Үргенішбай Қуатов, журанлистер одағының мүшесі, ақын Ерғали Абдулла архив ұжымын құттықтап,  ел мүддесі жолындағы еселе еңбектеріне толайым табыс тіледі. Шара барысында  мәдениет қайраткері, ақын, сазгер Мұрат Сыдықов өзінің шығармашылығынан «Арал толғауы» атты күйін орындап, қатысушылардың ықыласына бөленді. Мектеп оқушылары жеке тектік қор иелері, ақын жазушылардың шығармаларынан өлеңдер оқып, әндер орындады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, ауданымыздың құрметті азаматы Нұралы Оспанов жеке тектік құжаттарын филиал басшысына табыстады. Шара соңында жеке тектік қор иесі Абай Әбішевтің қор құжаттарынан «Суретті сөйлеткен қылқалам шебері» және «Архив-халықтың асыл қазынасы» атты көрме ұйымдастырылып, қонақтарға таныстырылды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003993
Today: 10
Yesterday: 11
This Week: 34
Last Week: 117
This Month: 296
Last Month: 214
Total: 3,993