No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Теңге – тәуелсіз Қазақстанның белгісі»

IMG 20231115 WA0025       Бүгін – ұлттық валюта күні. Төл теңгемізге 30 жыл толуда. 1993 жылы 15 қарашада еліміздің ұлттық валютасы - теңге айналымға енгізілді, бұл Қазақстанға нарықтық экономика құрып, оны дамытуға мүмкіндік берді.  Осыған орай 2023 жылғы 15 мамырда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Теңге – тәуелсіз Қазақстанның белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңге, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру, теңгеміздің қасиетін ұғындыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Шараға «First Heartland Jusan Bank» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің  «Ақмешіт» музейі филиалының мамандары және клуб мүшелері қатысты. Шара барысында «First Heartland Jusan Bank» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының маманы Б.Кенжеғұлов Қазақстан теңгесі өз тарихында  үш жыл қатарынан «Үздік банкнот» атанған валюта ретінде белгілі екенін, әлемдік басылымдар да төл теңгемізді әлемдегі ең  әдемі валюталардың қатарына енгізгенін, теңге мемлекеттің ақша жүйесінің негізі екеніне тоқталды. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басылымдар секторының кітапханашысы С.Ильясова Теңге күніне арналған кітап бұрышымен таныстырып өтті. Сонымен қатар «ORDA» жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы, «Жас архивистер және тарихшылар» клубының мүшесі  Дүйсенова Жанар Мұсаханқызы «Теңге – тәуелсіздік символы» тақырыбында баяндама оқыды. Дөңгелек үстелде теңгенің қалай және қашан пайда болғаны, Ұлттық валютаны енгізу туралы шыққан жарлық, теңгенің қолданыстағы маңызы сынды мәселелерге тоқталып, өзара пікір алмасты. Шара соңында қатысушыларға «Ұлттық валюта-төл теңге» атты бейнеролик таныстырылып, архив қоры құжаттарынан дайындалған «Қызылорда облысына-85 жыл», «Архив – ұлттық құндылықтар қазынасы» тақырыбындағы көрмелерге экскурсия жасалынды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003996
Today: 1
Yesterday: 2
This Week: 37
Last Week: 117
This Month: 3
Last Month: 296
Total: 3,996