- Read Time: 1 min
- Просмотров: 89
2023 жылы 17 тамызда «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сырдария аудандық архиві» филиалында «Сыбайластық індетін жою» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді насихаттау. Дөңгелек үстелге аудандық маслихат аппаратының, аудандық білім бөлімінің, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, ХҚКО бойынша аудандық бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
2023 жылдың 14 тамыз айында Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, «Арал ауданының Құрметті азаматы» ұстаз Алматбай Жалмахановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ –нің «Арал аудандық архиві» филиалында «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты көрме ұйымдастырылды. Шараға «Арал ауданының Құрметті азаматы», тарихшы – ұстаз, өлкетанушы Ү.Қуатов, «Арал ауданының Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Ж.Жақып, «Арал ауданының Құрметті азаматы», ақын Т.Абылаев, «Арал ауданының Құрметті азаматы», дәрігер А.Асанбаев, Жыршы – термеші Д.Жолымбетов,
Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай – түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді. Тәуелсіздік тізгіні өз қолымызға тиіп, жыртығымыз бүтінделіп, жамауымыз жаңарып жатқан қазіргі заманда Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра беру біздің перзенттік борышымыз екендігін ұмытпауымыз керек!
2023 жылғы 30 наурызда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және жақсарту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті алудың тиімді жолдарын түсіндіру.





