No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

arkhivtik anyktamalar beru arkhivtik kuzhattardy koshirmelerin nemese arkhivtik uzindiler beru 12023 жылғы 30 наурызда Қызылорда облысының  мемлекеттік архивінің  мәжіліс  залында «Архивтік  анықтамалар  беру, архивтік  құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік  үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді  жетілдіру және жақсарту жолдары»  тақырыбында  дөңгелек  үстел өткізілді. Шараның  мақсаты Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті алудың тиімді жолдарын түсіндіру.

tol tarikhymyzdyn zerttelui men zerdelenuinin gylymi aspektileri atty dogelek ustel uiymdastyryldy 42023 жылғы 27 ақпанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бастамасымен ел тарихындағы ерекше орын алатын тарихи-саяси кезеңдердің оқиғаларын, тарлан тарихымызды, тұғырлы тұлғаларымызды ұлықтау, құнды жәдігерлер қазынасы болып табылатын Ұлттық архив қорындағы құжаттарды пайдалану, жариялау, зерделеу, отандық ғалымдармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Төл тарихымыздың зерттелуі мен зерделенуінің ғылыми аспектілері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

IMG 20230203 0018Бекболат Сүлейменов Жұмабайұлы 1960 жылы 25 маусымда Арал ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №177 мектепті бітіргеннен кейін, Арал заводында слесарь болып қызмет атқарады. 1979 жылы сәуірде әскер қатарына  шақырылып, әскери борышын пулеметші болып Ауғанстан даласында өтейді. 1981 жылы ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.

IMG 20230203 0012Әнуарбек Өміров 1963 жылы 9 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ш.Уалиханов атындағы №26 қазақ  орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1978 жылы осы мектептің 8 сыныбынан кейін аудан орталығындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, жүргізуші -элекрик  мамандығы  бойынша  білім  алады. Одан кейін темір жол су айдау бөлімінде машинист болып қызмет атқарды.

IMG 20230203 0007Мәмбетәлі Нұрымбетов Оразбекұлы  1960 жылы 6 маусымда Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі №169 орта мектепті бітірісімен ДОСААФ –та оқып,  жүргізуші мамандығын алып шыққан. 1979 жылы әскер қатарына шақыртылып, әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жіберіледі. Әскерде атқыштар құрамасында болады. 1980 жылы 29 тамызда  Базарак қаласында  Мәмбетәлінің ротасы қоршауға түсіп, Мәмбетәлі екі жерден ауыр жараланып қаза табады. Марқұмның соғыстағы көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006792
Today: 15
Yesterday: 24
This Week: 49
Last Week: 57
This Month: 49
Last Month: 246
Total: 6,792