No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

IMG 20230201 0039Жұмабай Әбілқасымов 1963 жылы 14 маусымда  Қызылорда облысы , Сырдария ауданы, 1- Мамыр кеңшарында дүниеге келген. 1970 жылы №11 қазақ орта мекебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1981 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп шығады. Мектеп бітірген соң, Сырдария аудандық ДОСААФ көлік мектебінен жүргізуші мамандығын алады. 1982 жылы Кеңес әскері қатарына шақыртылып, Ауғанстан Республикасына интернационалдық борышын өтеуге жіберіледі. 1983 жылы 15 ақпанда арнайы тапсырмамен колонна болып келе жатқанда, кенеттен дұшмандар шабуыл жасап, сол қиян-кескі шайқаста Жұмабай Әбілқасымов ерлікпен қаза болды.

IMG 20230201 0051Байданов Рысбай Үсенбайұлы 1968 жылы 1 ақпанда Қызылорда қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. 1984 жылы  Қызылорда қаласындағы  №212 орта мектепті ойдағыдай бітіріп, Қызылорда теміржол техникумына  дейін локоматив депосында машинисттің көмекшісі болып жұмыс істейді. 1985 жылы көктемде әскер қатарына шақырылады. Алдымен 6 ай Ашхабадта, кейін Ауғанстанға жіберіледі.

IMG 20230201 0035Айсауытов Нұрлыбек Қасымұлы 1960 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келген. Сол туған жеріндегі қазақ орта мектебін бітірді. БЛКЖО-ның мүшесі. 1979 жылы сәуірде Қарулы Күштер қатарына шақыртылып, әскери борышын Ауғанстан Республикасында атқыштар дивизиясында өтейді.

IMG 20230201 0029Нұрулла  Абдулдаев   Ибадуллаұлы 1961 жылы 26 шілдеде Қызылорда қалдасында дүниеге келген. Қызығы мол оқушылық өмірі қала орталығындағы №1 орта мектепте өтеді. Орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, сол жердегі ДОСААФ көлік мектебінен жүргізуші мамандығын алады. Осы мамандығы бойынша «Көлік қызметі агенттігінде» жүргізушілік қызмет атқарады.

augannyn asuynda ot keshkender korme 12023 жылғы 10 ақпанда  Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай архив қорындағы ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлердің құжаттарын көпшілікке таныстыру, ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, жастардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету мақсатында «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында  көрме ұйымдастырылды.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006792
Today: 15
Yesterday: 24
This Week: 49
Last Week: 57
This Month: 49
Last Month: 246
Total: 6,792