- Read Time: 1 min
- Просмотров: 54
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25 қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – қазақ тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы. Осыған орай Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік, менің елім Қазақстан» тақырыбында арнаулы орта және орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында жас ақындардың облыстық патриоттық жыр мүшәйрасы өткізілді.
2024 жылғы 17 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Архив – тарих сақтаушысы» тақырыбында ашық есік күні және архив қорына сақтауға қабылданған Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші, суретшілер одағына қарасты Қызылорда облысының суретшілер шеберханасының төрағасы Ахметов Тоқтарбайдың жеке тектік құжаттарынан көрме ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы, студенттері, Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің мұғалімі және оқушылары қатысты.
2024 жылғы 11 қазанында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектепте мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері Ғафур Мұхамеджановтың 100 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Тарих таңдаған тұлға» тақырыбындағы салтанатты кездесу өтті. «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының «Аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшылары» жеке тектік қор коллекциясындағы құжаттарынан «Тұлғалы азамат» атты жылжымалы көрмесі қойылып, экскурсия таныстырылды.
Өмірде өнегелі із, атадан балаға таусылмайтын мұра қалдырған данагөй бабаларымыз бен ата-ағаларымыз қазақ жерінде көптеп кездеседі. Қашан да ақыл-ойлы бабалардың, ел басқарған парасатты ағалардың өнегелі істері, жақсы сөздері ұмытылмастан ел есінде қалады. Сондай парасатты жандардың бірі Сырдың біртуар азаматы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, облыстық кәсіптік-техникалық білім беру саласының майталманы С.Ысқақовтың туғанына биыл 105 жыл толып отыр.
2024 жылғы 10 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету», «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде құжаттарды жинақтау» тақырыбында облыс инспекция мамандарына семинар өткізілді. Семинарға 7 мекемеден 8 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева архив ісінің маңызын айта отырып, семинардың маңыздылығына тоқталды. Семинарда басшының орынбасары Ж.Алтынбаева, «Қоғамдық саяси тарихи архиві» филиалының басшысы Д.Құттықожаева, «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева және архив қызметкерлері баяндама оқыды.





