No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Тарих таңдаған тұлға» тақырыбындағы салтанатты кездесу өтті

Gafur12024 жылғы 11 қазанында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектепте мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері Ғафур Мұхамеджановтың 100 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Тарих таңдаған тұлға» тақырыбындағы салтанатты кездесу өтті.  «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының «Аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшылары» жеке тектік қор коллекциясындағы құжаттарынан «Тұлғалы азамат» атты жылжымалы көрмесі қойылып, экскурсия таныстырылды.

Мерейтойлық шараға аудан әкімі Жандарбеков Айтбай Насреддинұлы, ғалым, экономика ғылымдарының докторы,  қызы – Әлия Мұхамеджанова, немерелері, дербес зейнеткер, замандасы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Рақым Мауяұлы, еңбек ардагері, Ғ.Мұхамеджановтың замандасы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Қалдыбай Сүгірбаев, Сейілбек Аманжолов қатысып, өмір белестерінен сөз қозғады, естеліктер айтылды. Кездесуде Ұлы тұлғаның ұрпақтары Бектас Ғафурұлы, Әлия Ғафурқызы сөз алып, әкесі жайлы тебіреністерін жеткізді. Аудан мектептерінің оқушылары арасында өткізілген эссе қорытындысын жариялап,  марапаттарын табыстады. Оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұсынды. Шара соңында архив қорына  мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері Ғафур Мұхамеджановтың өнегелі істері жайлы жазылған «Ғаламат жылдар ғибраты» атты кітабы табысталды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

004189
Today: 1
Yesterday: 9
This Week: 10
Last Week: 31
This Month: 14
Last Month: 182
Total: 4,189