No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Өмірі өшпес өнеге» тақырыбында кездесу өткізілді.

10 kazan 2024Өмірде өнегелі із, атадан балаға таусылмайтын мұра қалдырған данагөй бабаларымыз бен ата-ағаларымыз қазақ жерінде көптеп кездеседі. Қашан да ақыл-ойлы бабалардың, ел басқарған парасатты ағалардың өнегелі істері, жақсы сөздері ұмытылмастан ел есінде қалады. Сондай парасатты жандардың бірі Сырдың біртуар азаматы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, облыстық кәсіптік-техникалық білім беру саласының майталманы С.Ысқақовтың туғанына биыл 105 жыл толып отыр.

Осыған орай 2024 жылы 11 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен С.Ысқақов атындағы Қызылорда «Құрылыс және бизнес» колледжінің мәжіліс залында «Өмірі өшпес өнеге» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға С.Ысқақовтың ұрпақтары, облыстық кәсіптік-техникалық білім беру саласының ардагерлері, Қызылорда «Құрылыс және бизнес» колледжінің қызметкерлері, студенттері және архив мамандары  қатысты. Шараны Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева ашып, ұзақ жыл кәсіптік салада қызмет еткен, сонымен қатар архив саласының дамуында да өзіндік үлесі бар С.Ысқақовтың өнегелі өмірін айта отырып, шараның маңыздылығына тоқталды. Шара барысында қоғам қайраткерінің ізін жалғастырушы інісі И.Жұмағұлов саналы ғұмырын халық мүддесіне арнаған,облыстың дамуына үлес қосқан С.Ысқақовтың өмірлік еңбек жолы туралы естеліктерімен ой бөлісіп, архив қорына С.Ысқақовтың жеке суреттерін табыстады.  Кәсіптік білім беру саласында қызметтес болған И.Жетербаев Қызылорда өңірінде кәсіптік-техникалық оқу орындарының өсіп-өркендеуіне, материалдық-техникалық базасының нығаюына зор үлес қосқаны туралы, қызмет бабындағы әріптестерімен қарапайым қарым-қатынасы жайында қызықты естеліктерін айтып өтті. Кәсіптік білім беру саласының ардагері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Б.Қырғызбаева өзінің еңбек жолын кәсіптік саладан бастағанын, қоғам қайраткерінің қай салада болмасын өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, жас жұмысшы кадрларды дайындауда көп еңбек сіңіргенін, өмір жолы мен қызмет еткен жылдарынан тағылымды әңгіме қозғап, жастарды білімді болуға, еңбек етуге, өнегелі өмірінен ғибрат алуға шақырды. Сонымен қатар, шарада Қызылорда «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері «Ерке сылқым» күйі және «Ұстазым» әнін орындап, зал қошеметіне бөленді. Шара соңында қатысушыларға  архив қорындағы С.Ысқақовтың жеке тектік құжаттарынан дайындалған «Өнегелі ғұмыр» тақырыбында көрме таныстырылып, өмірі мен қызмет жолындағы жетістіктері туралы бейнеролик көрсетіліп, С.Ысқақов атынан ашылған музейге экскурсия жасалынды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997