- Read Time: 1 min
- Просмотров: 109
Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын, қоғам қайраткері, ағартушы, аудармашы, философ, ойшыл-ғұлама, қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы. Ол - тарихта өшпес із қалдырған дара да, дана тұлға. Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күнде де өз құндылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оларды біз қашанда рухани қазына ете аламыз. Осыған орай, Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты Ұлы Абай өлеңдерінен мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты қызметкерлер арасында ұлы ойшылдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,