2024 жылғы 10 қазанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету», «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде құжаттарды жинақтау» тақырыбында облыс инспекция мамандарына семинар өткізілді. Семинарға 7 мекемеден 8 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева архив ісінің маңызын айта отырып, семинардың маңыздылығына тоқталды. Семинарда басшының орынбасары Ж.Алтынбаева, «Қоғамдық саяси тарихи архиві» филиалының басшысы Д.Құттықожаева, «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева және архив қызметкерлері баяндама оқыды.
Семинар барысында ведомстволық архивте құжаттардың қалыптасуы, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және «Е-Архив» жүйесі тақырыптары туралы архив қызметкерлері баяндама оқып, мамандарды толғандырып жүрген сұрақтар жан-жақты талқыланды.