«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Шиелі аудандық архиві» филиалы 2025 жылдың 12 ақпанында Ұлттық архив қорының жинақтау дереккөзінің тізімінен өтетін аудан әкімдігіне қарасты Бестам, Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты мамандарының қатысуымен «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді ресімдеу ұйым архивіне беру тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинарды «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Шиелі аудандық архиві» филиалының басшысы Е.Дүйсенбаев ашып, архив қызметі, атқарып жатқан жұмыстары, электронды архив ақпараттық жүйесі туралы түсіндірді. Семинар барысында «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Шиелі аудандық архиві» филиалының қойма меңгерушісі Ж. Ментаева «Істер номенклатурасын рәсімдеу, істерді қалыптастыру, істерді ресімдеу ұйым архивіне беру тәртібі», архивист А.Бакирова «Құжаттарды қабылдау және құндылығына сараптама жүргізу тәртібі» бойынша баяндамалар оқып, ІІ-санатты архивист Ж.Кенебекова «Е-архив» ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті.