No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Үздік ведомстволық архив -2024» байқауы өткізілді.

vedomstАрхив өткендегі өмір құбылыстарын, бастан кешкен тарихты,  саяси-қоғамдық экономикалық өмірдің сан алуан құбылыстарын  сақтап  болашаққа жеткізуші орын болса,  ведомстволық архив   мемлекеттік  архивтің бір құрамдас бөлігі болып есептеледі. Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен ведомстволық архив саласының ролін, архивист мәртебесін көтеру, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Үздік ведомстволық архив -2024» байқауы өткізілді. Байқауға мемлекеттік архивтердің жинақтау көздері болып табылатын 8 мекемеден ведомстволық архив мамандары қатысты.

Шараны Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Архив саласының ардагері, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мекемесінің архивисі Г.Рахметова архивті тұрақты, жеке құрам құжаттарымен толықтыруда ведомстволық архив мамандарының ролі зор екендігін атап өтті. Байқау тапсырмалары 4 кезең бойынша өтті. Қатысушылар сәлемдесуде өздерін таныстырып, архив саласына қатысты заңнамалар бойынша тест тапсырды,  «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында архив жұмысы бойынша бейнеролик және үйге берілген тапсырма бойынша өз өнерлерін ортаға салып сайысқа түсті. Байқау нәтижесі бойынша I орынды Қызылорда облыстық нотариаттық палатасы ведомстволық архивке жауапты маманы Қызылорда филиалы (жеке мұрағат) директоры Рахатов Нұрсұлтан Назарбайұлы; II орынды Қызылорда облысының әділет департаменті, ведомстволық архивке жауапты маманы Сақтағанова Ләззат Әнесқызы;  III орынды  «Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, ведомстволық архивке жауапты маманы Маликова Луиза  Жалғасқызы мен «Қызылорда қаласы әкімдігінің Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ ведомстволық архивке жауапты маманы Нышанбек Айдана Нышанбекқызы иеленді. Сонымен қатар қатысушыларға алғыс хаттар және сыйлықтар табыстылды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997