No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

seminar20251Архив - ел тарихын түгендеп, қоғамның жадысын сақтайтын баға жетпес қазына. Құжаттарды дұрыс сақтау ғана емес, оларды тиімді пайдалану мен заманауи цифрлық жүйелерге енгізу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Осыған орай өңірлік деңгейде тәжірибе алмасу мен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта 16-17 қыркүйекте Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен «Архив құжаттарын беру тәртібі» және

til2025Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық мемлекет құрылысының басты тірегі. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Пак Елена Владимировна, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Сәрсенбек Гүлзира Сәрсенбекқызы,

kons12025Конституция – біздің тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қайнар көзі. Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Конституция – келешек кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысының Полиция департаменті Заң бөлімінің бас маманы Д.Дауылбаева, Қызылорда облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры А.Ақпаев,

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      1контроль 2025 жылғы 9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша Халықаралық архивтер апталығы аясында Қызылорда облыстық мемлекеттік архив қорын тарихи маңызы бар жеке тектік құжаттармен толықтыру мақсатында қазақтың жыраулық дәстүрін насихаттаушы, Сыр сүлейлерінің шығармаларын зерттеуші, Доцент, ҚР Мәдениет қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Аққұлов Жұмабек Жарылқасынұлының жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтау қорына алынды. Құжаттар құрамында оның ғылыми еңбектері, кітаптары, марапаттары, фотосуреттері және жеке жазбалары қамтылған.  Сонымен қатар, қор иесінің өмірі мен шығармашылығынан  сыр шертетін слайд, бейне ролик көпшілік назарына ұсынылды.  Шараға қор иесінің отбасы, ағайын туыстары және шәкірттері қатысып ұстаздары туралы естеліктермен бөлісті. Бұл ұрпақтар жадында қалатын тарихи аманат. Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві өз қорын осындай құнды деректермен толықтыру арқылы өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтауға зор үлес қосып келеді.

 

учет 1Халықаралық архивтер апталығына орай, 10 маусымда Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің балаларына, ата-аналарының атқарып отырған жұмыстарымен таныстыру мақсатында  «Архив: Ашық есік-ашық тарих» тақырыбында құжат сақтау қоймасына экскурсия ұйымдастырып, құжат сақтау тәртібін түсіндіріп, тігу, шаң-тозаңнан тазарту жұмыстары бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006792
Today: 15
Yesterday: 24
This Week: 49
Last Week: 57
This Month: 49
Last Month: 246
Total: 6,792