- Read Time: 1 min
- Просмотров: 99
2026 жылы 20 қаңдарда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтама заңдылық және жауакершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, бірыңғай байланыс орталығының бас мамандары, мемлекеттік қызмет алушы жеке тұлға, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің заңгері, «Е-Өтініш» жүйесіне жауапты және архив филиалдарының мемлекеттік қызмет беру бойынша мамандары қатысты. Мақсаты: мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, Халыққа қызмет көрсету орталығымен үйлесімді жұмысты нығайту және сұраныстардың қанағаттанарлық деңгейін арттыру.
2025 жылдың 23 желтоқсанында «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Жалағаш аудандық архиві» филиалының ұйымдастыруымен 22 желтоқсан Архившілер күніне орай «Архив - ел тарихының куәсі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары Ғ. Сүлейменов, архив саласының ардагері Т.Аштанбаева, кент ардагерлер төрағасы Қ.Құлмахан, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының консультанты А.Кенжебаев және ауылдық округтер мен бөлімдердің бірқатар жауапты қызметкерлері және архивистер қатысты.
22 желтоқсан Архившілер күніне орай "Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві" КММ-нің "Шиелі аудандық архиві" филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Руханият орталығында "Архив құжаттарындағы батырлар ізі" ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, сала ардагерлері Қ.Сүгірбаев, Н.Төлешова, архив қорындағы "Отан үшін от кешкендер" коллекциясындағы жеке тектік қор иелері Ы.Ермағанбетов, Қ.Тәтенов, Ә.Сәрсенбаев аталарымыздың ұрпақтары, "Аманат" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова қатысты.
2025 жылы 22 желтоқсанда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Архившілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Архив – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғалардың тарихын айғақтайтын баға жетпес құндылық. Архившілердің күнделікті еңбегі арқылы ғасырлар қойнауынан жеткен құжаттар жүйеленіп, сақталып, ғылыми айналымға енгізілді. Бұл – ел тарихын зерделеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға және тарихи әділдіктің қалпына келтіруге негіз болатын маңызды жұмыс. Шара архивтің тыныс-тіршілігін бейнелейтін «Ұлт тарихының алтын қоймасы-архив» атты бейнероликті тамашалаудан басталды.
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, бізге аманат. Оны сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. 2025 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің мүшесі Жақсыбай Жакеев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы,





