No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

90420262026 жылы 9 сәуірде Қызылорда облыстық, қалалық, аудандық ақпараттық технологиялар жөніндегі инспекторларына Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві ұйымдастыруымен «Архив саласында жасанды интеллектті тиімді пайдалану» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Архив басшысы Ж.Абзалиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылып өткендей жасанды интеллект архив саласына да қарқынды енгізіліп жатырғандығын,

3103200262026 жылдың 31 наурызында М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжінде  «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалы және Мұстақым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжімен бірлесіп ұйымдастырған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 100  жыл толуына орай «Еңбегін ел мүддесіне арнаған»  атты танымдық кездесу өткізілді.  Мемлекет және қоғам қайраткерінің архив қорындағы жеке тектік құжаттарынан жылжымалы көрме, ЖИИ арқылы тұлғаны таныстыру ерекшеліктерімен өткізілді. Кездесу барысында баяндамалар мен үзеңгілес қызмет атқарған қоғам қайраткерлері естеліктер айтып,

18032026Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін шағы ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше күн. 2026 жылғы 18 наурызда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз: дәстүр және жаңару» атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт дәстүрін таныту және Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын насихаттау. Тағылымды шарада Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева сөз алып жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесі екенін айта отырып,

10032026Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттары» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Қоғамдық келісім КММ директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Д.Омаров, бөлім басшы Е.Есов және архив қызметкерлері қатысты. Жиында спикерлер елдің негізгі заңына енгізілген өзгерістерде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттік негізгі басымдықтары ретінде айқындалғанын және бұл бағыттар адами капиталды дамытуға, елдің зияткерлік әләуетін нығайтуға негіз болатынын айтып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Талқылау нәтижесінде Конституциялық өзгерістердің мәнін халыққа кеңінен түсіндіріп, азаматтардың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер қоғамда ашық диалог қалыптастыруға және маңызды мемлекеттік бастамаларды жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.

130220262026 жылдың 13 ақпанында «Руханият» орталығында орналасқан «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ –нің «Арал аудандық архиві» филиалы мен Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тарихта таңбаланған тағдырлы жыл» тақырыбында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғандығына 37 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

007016
Today: 1
Yesterday: 10
This Week: 11
Last Week: 86
This Month: 169
Last Month: 104
Total: 7,016