- Read Time: 2 mins
- Просмотров: 208
2025 жылғы 9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша Халықаралық архивтер апталығы аясында Қызылорда облыстық мемлекеттік архив қорын тарихи маңызы бар жеке тектік құжаттармен толықтыру мақсатында қазақтың жыраулық дәстүрін насихаттаушы, Сыр сүлейлерінің шығармаларын зерттеуші, Доцент, ҚР Мәдениет қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Аққұлов Жұмабек Жарылқасынұлының жеке тектік құжаттары мемлекеттік сақтау қорына алынды. Құжаттар құрамында оның ғылыми еңбектері, кітаптары, марапаттары, фотосуреттері және жеке жазбалары қамтылған. Сонымен қатар, қор иесінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін слайд, бейне ролик көпшілік назарына ұсынылды. Шараға қор иесінің отбасы, ағайын туыстары және шәкірттері қатысып ұстаздары туралы естеліктермен бөлісті. Бұл ұрпақтар жадында қалатын тарихи аманат. Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві өз қорын осындай құнды деректермен толықтыру арқылы өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтауға зор үлес қосып келеді.
Халықаралық архивтер апталығына орай, 10 маусымда Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің балаларына, ата-аналарының атқарып отырған жұмыстарымен таныстыру мақсатында «
9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша ұйымдастырылып жатқан Халықаралық архивтер апталығына орай, 11 маусымда Ақпараттық технологиялар бөлімінің ұйымдастыруымен И. Әбдікәрімов атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттеріне құжаттарды цифрлы форматқа өткізуді практика жүзінде көрсету мақсатында практикалық сабақ және қала, аудан архив филиалдарына «Е-архив» ақпараттық жүйесіне құжат енгізуге құжаттарды өңдеу, pdf форматқа ауыстыру бойынша онлайн форматта семинар- тренинг өткізілді.
2025 жылдың 30 мамырында А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалы қызметкерлері архив қоры құжаттарынан "Ғасырлық тарихтың куәсі - қазыналы мекен" тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылып, көпшілікке таныстырылды.





