2026 жылы 20 қаңдарда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтама заңдылық және жауакершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, бірыңғай байланыс орталығының бас мамандары, мемлекеттік қызмет алушы жеке тұлға, Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің заңгері, «Е-Өтініш» жүйесіне жауапты және архив филиалдарының мемлекеттік қызмет беру бойынша мамандары қатысты. Мақсаты: мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, Халыққа қызмет көрсету орталығымен үйлесімді жұмысты нығайту және сұраныстардың қанағаттанарлық деңгейін арттыру.
Шара барысында Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері қызмет көрсету ережелері мен рәсімдері туралы ақпарат беріп, архивист Р.Шалтақбай 2025 жылы келіп түскен сұраныстар бойынша есеп берді.






