No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Ауған соғысы ардагері Жұмашев Рысқұлдың жеке тектік құжаттарын архив қорына қабылдады.

50220262026 жылғы 5 ақпанда Арал қаласындағы Руханият орталығында «Арал аудандық архиві» филиалы Ауған соғысы ардагері Жұмашев Рысқұлдың жеке тектік құжаттарын архив қорына қабылдады. Іс-шара барысында ардагердің өмір жолын, Ауған соғысына қатысқан кезеңін, әскери қызметін және ел алдындағы еңбегін айғақтайтын құжаттар табысталды. Бұл жеке тектік құжаттар – ел тарихындағы маңызды кезеңді сипаттайтын, отансүйгіштік пен ерлікке толы өмір жолын кейінгі ұрпаққа танытатын құнды дереккөздер болып табылады. Аталған шараға кітапхана, Жастар орталығы және музей қызметкерлері қатысып, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Мұндай бірлескен жұмыстар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде және тарихи сананы қалыптастыруда айрықша рөл атқарады. «Арал аудандық архиві» филиалы алдағы уақытта да ел тарихына қатысты құнды құжаттарды жинақтау, сақтау және көпшілікке насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Басшылық

basshy

Аңсатов Бахыт Сәбиұлы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

007018
Today: 3
Yesterday: 10
This Week: 13
Last Week: 86
This Month: 171
Last Month: 104
Total: 7,018