2023 жылы 17 тамызда «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сырдария аудандық архиві» филиалында «Сыбайластық індетін жою» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді насихаттау. Дөңгелек үстелге аудандық маслихат аппаратының, аудандық білім бөлімінің, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, ХҚКО бойынша аудандық бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында «Сырдария аудандық архиві» филиалының архивисті Ж.Ермаханов қатысушыларға «Сыбайластық індетін жою» тақырыбында баяндама оқыды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісе келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек деп қорытындылап, архив ұжымына алғысын білдірді.