2025 жылы 5 наурызда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданының Руханият орталығы ғимаратының мәжіліс залында семинар өтті. Семинарға Жаңақорған ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округінің бас мамандары, әдіскерлер және «Жаңақорған аудандық архиві» филиалының қызметкерлері қатысты. Семинарды облыстық архив басшысы Ж.Абзалиева ашып, архив саласының маңыздылығына тоқталды. Бөлім басшылары С.Жанабаева «Басқару» модулі бойынша СТК-ның құрылуы, оған роль беру, А.Бекмағанбетова «Е-архив» АЖ-де «Сараптау комиссиясы» модулінде комиссия құру тәртібі, «толықтыру көзі модуліндегі қадағалау ісін салу, толықтыру көзін тізімнен шығару тәртібі,
М.Карибаева «Архив қоймасы» модулі бойынша қоймада стеллаждар құру, сөрелерге электрондық құжаттарды орналастыру тәртібі, Э.Жүсіпова «Архивтік анықтама» модулі бойынша сұраныстарға жедел жауап беру тәртібі бойынша архив мамандарына оқыту жүргізілді және практикалық көмек көрсетті. Қатысушылар тарапынан жаңадан қосылған модульдері бойынша көптеген сұрақтар қойылды, пікір алмасты.