2025 жылдың 12 наурыз күні «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сырдария аудандық архиві» филиалы орналасқан Руханият орталығының мәжіліс залында «Мекемелердегі ведомстволық архив жұмысын ұйымдастыру және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға Сырдария аудандық аудандық прокуратурасының, Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің, Сырдария аудандық ауруханасының,
Сырдария аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, Сырдария аудандық сотының, Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің, Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің, Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің және Сырдария аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты мекеменің ведомстволық архивіне жауапты мамандарына мекемелердегі ведомстволық архив жұмысын ұйымдастыру және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жүргізу. «Сырдария аудандық архиві» филиалының басшысы Ж.Сейлов «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» және аудандық филиал архивисі Ж.Ермаханов «Ведомстволық архив жұмысын ұйымдастыру» тақырыбтарында баяндама жасады. Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.