2025 жылғы 27 наурызда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Электрондық құжаттардың біріңғай архиві» ақпарттық жүйесінің ведомстволық архивтердегі «Е-Архив» АЖ-не қосылған мемлекеттік органдардағы тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету» тақырыбында басқарма мамандарына семинар өткізілді. Семинарға 18 басқармадан 23 қызметкер қатысты. Семинарды Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Ж. Алтынбаева жүйенің маңыздылығы туралы тоқталып өтті. Семинар барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бас менеджері Н.Есимов ведомстволық архивте электрондық құжаттарды ЭҚБЖ-дан «Е-Архив» АЖ-ның «Ведомстволық архив» модуліне миграциялау жұмысының барасын түсіндіріп өтті.
Сараптау комиссиясын құру және роль беру, «Е-архив» АЖ-де «Істер номенклатурасы функционалымен жұмыс жасау» және «Істер номенклатурасына құжат қосу модулі» тақырыптарда архив мамандары баяндамалар оқыды. Семинарды қортындылай келе «Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ-нің архивке жауапты маманы Б. Ерболат «Е-архив» АЖ-сі бойынша тәжірибесімен бөлісті.