No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі және «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай «Наурыз мейрамы – салт-дәстүрлер салтанаты» атты мерекелік шара өткізілді.

nauryz117 наурыз «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ» Наурыз мейрамы – терең рухани-мәдени мәнге толы, жаңару мен жасампаздықтың бастауына айналған, қоғамның бірлігі мен ұлт ынтымағын нығайтатын ұлттық мереке. Бүгін Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі және «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай «Наурыз мейрамы – салт-дәстүрлер салтанаты» атты мерекелік шара өткізілді.

Шараның мақсаты қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету, ұлттық құндылықтарды жастарға дәріптеу, оны құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шараны Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева ашып беріп, мерекелік құттықтау лебізін білдірді. Мерекелік шарада  Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің жанындағы қосымша білім беру орталығының «Жас домбырашылар» ансамблінің орындауында ән мен күй тартылып, шашу шашу салтымен жалғасын тапты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойыны асық ату ойнатылып, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден бесікке салу, тұсаукесер рәсімі көрсетіліп, әрқайсысының мән-мағынасы түсіндірілді. Шара соңында «Наурыз мейрамы кезіндегі салт-дәстүр» атты бейнеролик көрсетіліп,  мерекеге қатысушылардың көрісу дәстүрімен қорытындыланып, ізгі тілектер айтылды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

003997
Today: 2
Yesterday: 2
This Week: 38
Last Week: 117
This Month: 4
Last Month: 296
Total: 3,997