2025 жылы 13 наурызда «Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ қызметкерлеріне «Ұлттық Архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау және архивке өткізу тәртібі», «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыруын» түсіндіру мақсатында Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері аға сарапшы Г. Тоқбергенова, архивист С. Торгаутова семинар өткізді. Семинар барысында архив ісі мен құжаттама саласындағы номативтік-құқықтық акт талаптары бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Мекеме қызметкерлеріне қосымша әдістемелік көмектер көрсетіліп, семинар өз деңгейінде өткізілді. Ведомстволық архив қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, ортақ ой-пікір алмасты.
«Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ қызметкерлеріне семинар өткізді.
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 8