No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

Талғат Нағашыбаевпен «Сазды әуені жүректерді тербеген» атты шығармашылық кездесу өтті.

22 sauir2025 жылы  22  сәуірде Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, сазгер, Қазақстан Республикасының Композиторлар Одағының мүшесі Талғат Нағашыбаевпен «Сазды әуені жүректерді тербеген» атты шығармашылық кездесу өтті. Шараның мақсаты өнер сүйер қауымды композитордың шығармашылығымен кеңірек таныстыру, оның өнер жолындығы жетістіктері мен ұлттық музыкаға қосқан үлесін дәріптеу, жастардың музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шараға  ұстаз - сазгер, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері Ғайния Даулбаева, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Қайрат Мұсағарұлы, балалар сазгері, М.Сужиков атындағы №6 мектептің музыка пәні мұғалімі Сүйінбаева Ләйлә Қуанышқызы, І.Қабылов атындағы №12 IT мектебінің музыка пәні мұғалімі Бағатова Гаухар Іскендірқызы, І.Қабылов атындағы №12 IT мектеп-лицейі оқушысы Сахаба Ханшайым және С.Шаухаманов атындағы облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары, БАҚ өкілдері және архив қызметкерлері қатысты. Тағылымды шараны Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Ж.Алтынбаева ашып беріп, шараның маңыздылығына тоқталып, жас өрендердің ұлттық өнерімізді асқақтата беруіне тілектестігін білдірді. Кездесу барысында ән әуенінде өзіндік қолтаңбасы бар, талай әуезді әндердің авторы, талантты сазгер Т.Нағашыбаев сөз алып, өмір жолынан қызықты естеліктер айтып, шығармашылық жолындағы жаңалықтарымен бөлісті. Өз кезегінде сөз алған сазгердің замандасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі  Қ.Мұсағарұлы киелі өңірдегі талай жас дарындарды өнер әлеміне қадам бастырған сазгердің өнер жолындағы естеліктерімен ой бөлісіп, арнайы ілтипатын білдірді. Сонымен қатар шарада облыстың мәдениеті мен руханиятының дамуына үлес қосқан, жас жеткіншектерді патриоттық сезімге ән арқылы әсемдікке тәрбиелеп жүрген сазгердің шығармашылығынан әндер орындалып, өнерсүйер қауымға ерекше көңіл күй сыйланды. Шара соңында  Т.Нағашыбаевтың архив қорындағы жеке тектік  құжаттарынан көрме таныстырылып, облыстық мемлекеттік архиві ұжымының алғысы табысталды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

004110
Today: 7
Yesterday: 4
This Week: 64
Last Week: 40
This Month: 117
Last Month: 296
Total: 4,110