No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Тіл – достықтың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

til2025Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық мемлекет құрылысының басты тірегі. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Пак Елена Владимировна, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Сәрсенбек Гүлзира Сәрсенбекқызы,

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының магистрі Орынбаева Алтынай Романқызы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары және архив қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас ұрпақты тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту, патриотизмді, қазақстандық рухани бірлікті дамыту. Дөңгелек үстелді Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева кіріспе сөзбен ашып, іс-шараның мақсатына тоқталды. Өз кезегінде сөз алған «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрайымы Е.Пак мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде қоғамдық бірлестіктің атқарып жатқан игі шаралары туралы, тілдің қоғамдағы ролі, оның жастар арасында кеңінен насихатталуы мен тілдің дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығын баса айтты. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Г.Сәрсенбек өз сөзінде қазақ тілінің тек қатынас құралы емес, сонымен қатар ұлттық рухты, тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуші маңызды фактор екенін атап өтіп, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген этнос өкілдеріне тіл үйретудегі әдіс-тәсілдерімен ой бөлісті. Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ғылыми әдістемелік бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының магистрі А.Орынбаева өңірдегі тілдерді дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстары туралы кеңінен баяндап, «Тіл. Ізденіс. Нәтиже» тақырыбында баяндама оқып, көп жылғы іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мамандары ұлт болашағы үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін қалаған ұлт зиялысы А.Байтұрсыновтың еңбегі туралы, тіл саясаты төңірегінде сөз қозғап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі жанындағы қосымша білім беру орталығының "Жас домбырашылар" үйірмесінің мүшелері өнер көрсетіп, тіл туралы жыр-шумақтарын оқыды. Шара соңында архив қоры құжаттарынан дайындалған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында тарихи-құжаттық көрме таныстырылып, «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты бейнеролик көрсетілді.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

004919
Today: 4
Yesterday: 7
This Week: 30
Last Week: 45
This Month: 53
Last Month: 183
Total: 4,919