2025 жылдың 20-21 ақпан аралығында Облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Д.Қожахмет және Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшылары Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің базасында офлайн форматта ұйымдастырылған «Е-Архив» АЖ-да жұмыс жасау мәселесі бойынша екі күндік республикалық семинар-кеңеске қатысып, ҚР Ұлттық архивтің, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары архивистерінің жүйе модульдерін сапалы толтыру, сараптамалық және сараптамалық-тексеру комиссияларының функцияларын автоматтандыру, электрондық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау тәжірибесімен танысты.
Сонымен қатар семинар барысында іс жүргізу тізімдемесін жасау, істер номенклатурасын енгізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау тәртібі және «Ұлы Отан соғысына қатысушылар» дерекқорына мәліметтер енгізу мәселелері бойынша оқыту жүргізілді. Осы семинар аясында, ү.ж. 26 ақпанында Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде оқыту ұйымдастырылды. Семинарда Ақпараттық технология бөлімінің басшысы С.Жанабаева «Басқару» модулі бойынша СТК-ның құрылуы, оған роль беру, Бақылау бөлімінің басшысы А.Бекмағанбетова «Е-архив» АЖ-де «Сараптау комиссиясы» модулінде комиссия құру тәртібі, «толықтыру көзі модуліндегі қадағалау ісін салу, толықтыру көзін тізімнен шығару тәртібі, Есепке алу бөлімінің басшысы М.Карибаева «Архив қоймасы» модулі бойынша қоймада стеллаждар құру, сөрелерге электрондық құжаттарды орналастыру тәртібі, Жариялау бөлімінің басшысы Э.Жүсіпова «Архивтік анықтама» модулі бойынша сұраныстарға жедел жауап беру тәртібі бойынша архив мамандарына оқыту жүргізілді. Жиын соңында жүйені жаңғырту мәселелері талқыланды.