2025 жылғы 17 ақпанда «Қызылорда қалалық архиві» филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру», «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты бөлім мамандарына семинар өткізілді. Мекемелердегі Ұлттық Архив қоры құжаттарын дұрыс қалыптастыру, оның сақталуын қамтамасыз етудің тарихта алар маңызын түсіндіру мақсатында жүргізілген семинарға 4 мекемеден 8 қызметкер қатысты. Семинарда «Қызылорда қалалық архиві» филиалының басшысы А.Алпысбаева архив ісінің маңыздылығы туралы айтты. Қойма меңгерушісі А.Абдыкалыкова ведомстволық архив мамандарын қоймамен таныстырып, құжаттардың сақталу барысымен таныстырды.
Семинар барысында ведомстволық архивте құжаттардың қалыптасуы, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және «Е-Архив» жүйесі тақырыптары бойынша архив қызметкерлері архивист Л.Абатова, архивист М.Құлтасова баяндама оқып, мамандарды сұрақтарына жауап берді.