2025 жылғы 24 ақпанда «Қызылорда қалалық архиві» филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру», «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты бөлім мамандарына семинар өткізілді. Мақсаты мекемелердегі Ұлттық Архив қоры құжаттарын дұрыс қалыптастыру, оның сақталуын қамтамасыз ету. Семинарға 3 мекемеден 8 қызметкер қатысты.
Шарада архив басшысы А.Алпысбаева атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып кетсе, қойма меңгерушісі А.Абдыкалыкова ведомстволық архив мамандарын қоймамен таныстырып, құжаттардың сақталу барысымен таныстырды. Архивист Л.Абатова, М.Құлтасова ведомстволық архивте құжаттардың қалыптасуы, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және «Е-Архив» жүйесі тақырыптары бойынша баяндама оқыды.