No module Published on Offcanvas position
Қызылорда қаласы, І. Есенберлин, 4 +7 (7242)20-08-09 obl_arkhiv@korda.gov.kz

«Наурыз: дәстүр және жаңару» атты мерекелік шара өтті.

18032026Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін шағы ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше күн. 2026 жылғы 18 наурызда Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз: дәстүр және жаңару» атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт дәстүрін таныту және Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын насихаттау. Тағылымды шарада Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева сөз алып жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесі екенін айта отырып,

мерекелік құттықтау лебізін білдірді. Мерекелік шара наурыз мерекесіне арналған шашу шашу салтынан бастау алды. Шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бесік салу рәсімі көрсетіліп, қазақтың ұлттық ойындары асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс ойнатылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мерекелік кеште №253 орта мектебінің оқушылары күмбірлеген күйлер орындап, «Әжелер» ансамблінің орындауында мерекелік ән тарту етілді. Сонымен қатар көрермендерге халқымыздың отбасы бірлігі мен ынтымағын білдіретін дәстүрлер көрсетіліп, ұлттық мәдениетіміздің тәрбиелік мәнін көрсететін қолөнер туындыларынан көрме қойылды. Шара соңында мерекеге арналған жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, бата беру рәсімімен қорытындыланды.

Басшылық

basshy

Абзалиева Жанат Амангелдіқызы

Онлайн анықтама

banner Egov

Жобалар

banner KS

Til qazyna

7448

ҚР Рәміздері

Президент жолдауы

Электронды үкімет

Статистика

006265
Today: 3
Yesterday: 4
This Week: 19
Last Week: 36
This Month: 3
Last Month: 329
Total: 6,265