Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінде «Жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттары» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Қоғамдық келісім КММ директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Д.Омаров, бөлім басшы Е.Есов және архив қызметкерлері қатысты. Жиында спикерлер елдің негізгі заңына енгізілген өзгерістерде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттік негізгі басымдықтары ретінде айқындалғанын және бұл бағыттар адами капиталды дамытуға, елдің зияткерлік әләуетін нығайтуға негіз болатынын айтып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Талқылау нәтижесінде Конституциялық өзгерістердің мәнін халыққа кеңінен түсіндіріп, азаматтардың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер қоғамда ашық диалог қалыптастыруға және маңызды мемлекеттік бастамаларды жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.
«Жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттары» тақырыбында кездесу өтті.
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 7






