- Read Time: 1 min
- Просмотров: 215
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
16 желтоқсан Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігі күніне орай 2022 жылғы 15 желтоқсанда Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің ұлы тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылдың 21-22 қараша күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша оқытуға Қызылорда облысының мемлекеттік архиві және филиалдарының қызметкерлері қатысты. Оқыту барысында «Е-архив» ақпараттық жүйесіндегі барлық функциялары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видеонұсқаулық көрсетілді.
2022 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның облыстық жұмысшы тобының мүшелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Жұмаділдаев Мәулен Мұратбекұлының қатысуымен кездесу өткізілді.
2022 жылғы 10 қарашада С.Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжінде өткен «А.Байтұрсынов және қазақ елі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері А.Қапанова, А.Әлиасқарова қатысты.
2022 жылғы 10 қарашада Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Жас архивистер және тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар және тарихи таным» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің студенттері, клуб мүшелері және архив қызметкерлері қатысты.





